Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкіметті сынға алып, оның халықпен диалог жүргізуге дайын еместігін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы bairaq_media Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттың пікірінше, министрлер кабинеті өз қателіктерін жабу үшін кейде президенттің беделін пайдалануға тырысады.
Бейсенбаев мысал ретінде Үкіметтің «Салық кодексіне» қатысты Парламенттің ескертулерін елемей, жағдайды ушықтырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, мәжілісмен халықтың ашу-ызасына тиюі мүмкін, ойланбай сөйлейтін кейбір шенеуніктерге де шүйлікті. Оның ішінде әскердегі суицидке мысқылмен жауап берген Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та бар.
Депутат қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап, шенеуніктерді жауапкершілікке шақырды.



