Жаңалықтар

Депутат өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға тырысты

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Равиль Садықов Майқұдық маңында жол бойындағы қамыстың өртеніп жатқанын байқап, көлігін тоқтатып көмекке ұмтылған. Ол жалын арасынан көмек сұраған адамның дауысын естіп, бірнеше адамның көмегімен ер адамды от арасынан алып шыққан, деп жазады qandastar.kz.

Зардап шеккен 44 жастағы азамат ауыр күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның денесінің 94 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Құтқаруға қатысқан депутаттың айтуынша, егер оқиға орнына сәл ертерек жеткенде, ер адамды аман алып қалуға мүмкіндік болар еді.

Back to top button