Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Депутат өзгені кемсітіп видео түсіретіндерді сынады

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде соңғы кезде белең алған жағымсыз трендтерге алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі sn.kz_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, кейбір блогерлер мен контент жасаушылар көрермен назарын тарту үшін әдейі арандататын әрекеттерге барып, қоғамда теріс құбылыстардың күшеюіне себеп болып отыр.

Депутаттың сөзінше, көпшілік танымдық немесе пайдалы ақпараттан гөрі біреудің жеке өмірін бақылауға бейім. Осы себепті жұрт хайпқа оңай алданып, мәнсіз контентті тұтыну көрсеткіші артып келеді.

Мұқаев бұл жағдай қоғамдағы мәдениеттің төмендеуіне, ақпараттық сауаттың құлдырауына әкеліп жатқанын айтты. Сонымен бірге ол жастарды сапалы, дамуға бағытталған контентке көбірек назар аударуға шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button