Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Депутат сағат 20:00-ден кейін алкоголь сатылымын шектеуді ұсынды

Депутат Магеррам Магеррамов мәжіліс отырысында Қазақстанда алкоголь сату ережелерін қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол сату орындарын және уақытын шектеуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, елдегі көптеген қылмыстың себебі – алкоголь.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының атынан Магеррам Магеррамов үкіметке:

  • алкоголь сататын нақты орындар белгілеу және басқа жерлерде сатуға тыйым салу;
  • сағат 20:00-ден кейін бөлшек сауда орындарында алкоголь ішімдіктерін сатуға тыйым салу;
  • ойын-сауық орындарында (кафелер, мейрамханалар) сағат 22:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салу;
  • алкогольді онлайн сатуға тыйым салу;
  • алкогольді ішімдіктерді міндетті түрде цифрлық таңбалауға жататын тауарлар тізіміне енгізуді ұсынды.

«Мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау министрліктері кәмелетке толмағандар мен жастарға таныс цифрлық және медиа бағдарламаларды пайдалана отырып, алкоголизмнің зиянын алдын алу бойынша бірыңғай бағдарлама әзірлеуі керек», — деген ұсыныс білдірді депутат.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button