
Фото: zakon.kz
Соңғы уақытта Қазақстанда Toyota Alphard маркалы таксилерінің қатысуымен жол-көлік апаттары жиілеп кетті. Бірнеше өңірде тіркелген қайғылы оқиғаларда оннан астам адам қаза тауып, көптеген жолаушылар жарақат алды. Сарапшылар апат себептерін жоғары жылдамдық, жол ережелерін сақтамау, көліктің техникалық сәйкессіздігі және жүргізушілердің ұзақ уақыт жұмыс істеуінен туындайтын шаршаумен байланыстырады. Қоғамда Alphard көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейту, арнайы талаптар енгізу мәселесі көтерілуде, деп хабарлайды qandastar.kz.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстандағы жол апаттарының күрт көбейгенін айтып, такси қызметін қатаң бақылауды талап етті. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 466 адам қаза тапқан. Бір ғана шілде айында ірі апаттардан 30 адамның өмірі қиылды. Депутат әсіресе қалааралық тасымалдауда қолданылатын оң рульді Toyota Alphard көліктерінің жиі апатқа себеп болатынын сынға алды. Ол жүргізушілерді іріктеуді күшейтіп, көліктердің техникалық және медициналық тексерісін міндеттеу қажеттігін атап өтті. Әсіресе қалааралық тасымалдауда жиі қолданылатын оң рульді Toyota Alphard көліктері көптеген қайғылы жағдайға себеп болып отырғанын сынға алды.
Депутат жүргізуші куәлігінің заңсыз сатылуын, такси қызметінің бақылаусыздығын қауіпті фактор ретінде көрсетіп, АҚШ тәжірибесін мысалға ала отырып, қатаң бақылау шараларын енгізуді ұсынды.