БілімЖаңалықтар

Депутат: ҰБТ-ға жекеменшік орталықтар дайындаса, білім саласына бөлінген қаржы қайда кетеді?

Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысында депутат Нартай Аралбай Қазақстандағы ақылы оқу орталықтарының жұмысын бақылауды күшейту мәселесін көтерді, деп жазады qandastar.kz

Депутат атап өткендей, елімізде ҰБТ, емтихандар мен білім бәйгелеріне дайындық үшін оқушылар жаппай жекеменшік ақылы курстарға барады. Алайда, бұл орталықтардың оқыту сапасы мен қызметінің ресми бақылауы жоқ, сондықтан не үйретіп, не оқытып жатқаны белгісіз.

«Емтихан мен ҰБТ-ға оқушылар жекеменшік орталықтарға дайындалса, білім саласына бөлінген қаржымыз қайда кетеді? Жаңа мектептер мен зертханалар салдық, ұстаздарды біліктілікті көтеру курстарынан өткіздік… Нәтиже қайда? Әлде емтихан сұрақтарын дайындайтындар білім бағдарламасын білмей ме?» – деді депутат Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, Нартай Аралбай Tesla оқу орталығы сияқты ұйымдарға төленген ақшаны кері қайтару мәселесін, ауыл балалары үшін ДамуБала мен АртСпорт бағдарламаларының қолжетімділігін көтерді.

Депутат ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ қойып, жекеменшік оқу орталықтарының жұмысын қашан заңды түрде бақылауға алатынын және ауылдық жердегі бағдарламаларды қалай қолжетімді ету жоспарланып отырғанын анықтауды сұрады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button