«Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі, депутат Дәулет Мұқаев сұмдық оқиғамен бөлісті, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы de.media.kz Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, 19 жастағы студент қыз жігітінің өтінішіне сеніп, бір емес, бірнеше қаржы ұйымынан займ мен несие рәсімдеген. Ал алған қаражатты жігіт өз қажеттілігіне жұмсап, кейін мүлде байланысқа шықпай жоғалып кеткен.
Осылайша студент қыз бірнеше банкке қарыз болып, қиын жағдайға тап болған.
Дәулет Мұқаевтың айтуынша, соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілеп кеткен. Ол жастардың қаржылық сауатының төмендігі түрлі алаяқтық пен жеке қарым-қатынасқа байланысты туындайтын тәуекелдерден хабарсыз қалуына себеп болып отырғанын атап өтті.



