Жаңалықтар

Депутаттар автотұрақта көліктің тегін тұру уақытын ұзартуды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Роман Скляр осы бойынша депутаттардың ұсынысы заң шеңберінде қаралатынын айтады. Бірінші вице-премьер мәжілісмендерге берген жазбаша жауабында үш мегаполиске жеке тоқталған, деп жазады qandastar.kz

«Астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес, ақылы коммуналдық автотұрақтар қаланың орталық аудандарында, халық тығыз шоғырланған жерлері көлік тораптарында, сауда ойын-сауық орталықтарында, әкімшілік кешендерде және тағы да басқа жерлерде орналасқан. Ақылы коммуналдық автотұрақтарға іргелес орналасқан үйлердің тұрғындарына тегін тұрақ құқығын беретін резиденттік абонементтер беріледі. 

Ал Алматы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, ақылы коммуналдық автотұрақтар қаланың тарихи іскерлік орталығында, сондай-ақ көрікті жерлерге жақын жерде орналасқан. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласында және басқа облыстарда автотұрақ ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт жоқ. 

Осыған орай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәжілісінде қаралып жатқан Астананың және республикалық қалалардың дамуы мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде облыс, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) ұйымдастыру және олардың санаттарын айқындау қағидаларын бекіту құзыретін беру бөлігінде заңнамалық түзетулер енгізу көзделген», – деді Роман Скляр.

Еске салайық, депутаттар автотұрақта көліктің тегін тұру уақытын кем дегенде 30 минутқа дейін арттыруды және ақылы автотұрақтарды көліктер ең көп жиналатын іскерлік аудандарда ғана қалдырып, қалғанын жоюды ұсынған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close