ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Депутаттар дауынан соң: Нұрбанк мемлекеттен 8 жыл бұрын алған қарызын қайтармақ

Қазақстандық бизнесмен Эльдар Сәрсеновтің бақылауындағы Нұрбанк мемлекетке 4,5 млрд теңге қайтаратынын хабарлады, деп жазды qandastar.kz

Банк бұл соманы  қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасы аясында шығарылған облигацияларды сатып алу арқылы өтейді.

Нұрбанк алдын ала субординирленген купонды облигациялар (ISIN KZ2C00006070, NRBNb16) бойынша купондық төлемдерді де төлеп, 4,5 млн дана облигацияны номиналды құны 1000 теңгеден және жылдық 4% мөлшерлемемен сатып алады.

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, Нұрбанк 2025 жылдың 9 айында 11,3 млрд теңге таза пайда тапқан. Банк активтер бойынша Қазақстандағы 23 банк арасында 15-ші орында тұр: жалпы активі – 549,5 млрд теңге, несие портфелі – 362,5 млрд теңге, міндеттемелері – 473,8 млрд теңге. Жеке тұлғалардың депозиттері – 158,5 млрд теңге, заңды тұлғалардың – 229,6 млрд теңге. Өз капиталы – 75,6 млрд теңге.

Эльдар Сәрсенов Forbes рейтингі бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің 39-шы тізбегінде. Ол «JP Finance Group» ЖШС арқылы Нұрбанктың 77,88% акциясына ие. Басқа акционерлер қатарында «JA COLLECTION COMPANY» ЖШС (5,97%) және Марко Блануша (9,98%) бар.

Банкт секторын қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған. Бұл мемлекеттік бастама банктер жүйесін тұрақтандыруға, ірі банктердегі жағдайдың нашарлауын болдырмауға, салымшылар мен бизнес қаражатын қорғауға және қаржы секторына сенімділікті арттыруға бағытталған.

2025 жылдың 7 наурызында хабарланғандай, бағдарламаны қолданған бес қазақстандық банк мемлекетке 1,4 трлн теңге қарыз болған. Halyk Bank барлық мемлекеттік қолдауды қайтарды, ал жақында Bank RBK да Владимир Кимнің басшылығымен мемлекеттік көмек толық қайтарылғаны белгілі болды.

Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек банк секторына шүйлігіп, екінші деңгейлі банктерді жемқорлыққа жол беріп, мемлекеттің қаржысын мақсатсыз жұмсап, жауапкершіліктен жалтарып отыр деп айыптаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button