
Бүгін мәжілісте «мұнай-газ өндіруші компаниялардың жергілікті қамту деңгейін дамыту» туралы экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Отырыстың онлайн форматта көрсетілімі де бар.
Видеодан бірқатар депутаттардың маска киіп алғанын көруге болады.
Мәжіліс қызметкерлерінің хабарлауынша, бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес маска кию режимі жүріп жатыр.
Алайда қанша халық қалаулысы ЖРВИ-мен ауырып жатқаны белгісіз.
Айта кетері, 2025 жылы 19 қарашада Астанада эпидахуал ушығып, санитарлық дәрігер бірқатар шектеулер енгізілгенін жариялаған болатын.



