Жаңалықтар

Димаш концертіндегі ерекше сәт видеоға түсіп қалды

Фото: видеоскриншот

Елордада 13-14 кыркүйекте «Астана Арена» стадионында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өткенін барлығымыз білеміз.  Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден мыңдаған жанкүйер жиналды. Концерт кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды qandastar.kz.

Видеоны жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын жазған.

«Иә, барлығыңыз көргендей, бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш Құдайберген ағаға рахмет. Ал мобилограф, видеографтар жұмысымызда барынша сақ болайық, – деп жазған Нұрасыл Бектұрғанов.

Кадрлардан әншінің камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып құлап бара жатқанын байқап қол ұшын созғанын көруге болады. Құлап кететінін аңғармаған мобилограф осы сәт түсірілген видеоны жариялап былай деп жазған: «Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем».

Желі қолданушылар Димаштың бұл әрекетіне сүйсініп, видео астына жақсы тілектерін қалдырған. «Қандай қырағы», «Димашның көзі қыранның көзіндей, періште сынды жігітті оқыс жағдайдан құтқарды», – деп жазды пікір қалдырушылар.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close