Жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Борат» фильміне қатысты көзқарасын ашық айтты

Фото:  Instagram/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген «Борат» фильміне қатысты өзінің теріс көзқарасын білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Бизнес под капотом» жобасына берген сұхбатында әнші атышулы фильмнің авторы — британдық актер Саша Барон Коэнмен жеке кездескісі келгенін айтты.

«Қазір оған назар аудармаған дұрыс. Бір кездері онымен кездескім келген. Еркекше сөйлескім келеді. Өйткені ол біздің ұлтымызды қорлады. Оған күйе жақты. Ол менің ата-анамды, бауырларымды күлкіге айналдырды. Онымен кездесу үшін қолымнан келгенін бәрін жасадым. Тіпті шетелдегі барлық таныстарымды, өзімнің менеджерімді де араластырып, тауып берулерін өтіндім. Бірақ Саша Бароннан еш жауап болмады», – деді Димаш.

Аталған фильм 2006 және 2020 жылдары шыққаннан кейін Қазақстан қоғамында үлкен резонанс туғызып, көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Көпшілік бұл жобаны қазақстандықтардың мәдениеті мен ұлттық болмысына қастандық ретінде қабылдаған.

Back to top button