Мәдениет
Димаш Құдайберген челлендж жариялады

Фото:
15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді, деп хабарлады qandastar.kz
Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.
Шарттары:
- Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек
- TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау
- Хэштег: #TauIshindeChallenge
- Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді.
Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады.
Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады.