Шоу бизнес

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың шаңырағына арнайы барып, көңіл айтты

Әнші Димаш Құдайберген ұлынан айырылған ақын Мұхтар Шахановтың шаңырағына арнайы барып, көңіл айтты, деп жазады qandastar.kz.

Бұл жөнінде журналист Азамат Әбілқайыр өз парақшасында хабарлады.

«Бүгін Димаш Құдайберген ағамыз Мұхтар Шахановтың ұлының қайтыс болуына байланысты арнайы барып, көңілін білдіріпті. Міне, нағыз қазақы болмыс, нағыз тектілік деген осы! Өзі биікте жүрсе де, уақыт тауып, арнайы баруы – үлкен өнеге. Қайғы жамылған осындай ауыр күні ағамыздың үйінде құран бағыштап, сабыр тілеуі – үлкен көрегендік. Мұның бәрі, негізі, отбасындағы тәрбиеден шығады. Жарайсың, Димаш!», – деп жазды ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button