2025 жылғы 12 желтоқсанда Рига қаласында Димаш Құдайбергеннің Stranger атты финалдық концерті өтті. Көрермендерге арналған әсерлі шоудың ерекше сәттерінің бірі – әртістің бишілер тобының мүшесіннің туған күніне арналған құттықтауы болды, деп жазады qandastar.kz.
Бұл туралы Александр Ли өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Бұл керемет сыйлық болды. Рахмет, Димаш! Естелікке сақтаймын. Достар, құттықтауларыңызға көп рақмет. Командада айтқандай, сені тек Рига ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар құттықтады», – деп жазды ол.
Бейнежазбада халық әртісі көрермендерге қарап, би тобының мүшесінің туған күні екенін айтады. Осыдан кейін зал Димаштың сөзінен соң: «Happy Birthday, Саня!» – деп хормен айқайлайды.
«Қандай бақыттысың – қаншама адам сені жеке таныды»,
«Туған күніңмен, Саня! Сендер – мықтысыңдар! Шефке сәлем айт!»,
«Міне, құттықтаудың ауқымы!»,
«Сен өз талантың, кәсібилігің және сүйікті ісіңе деген жанқиярлық еңбегің үшін миллиондаған қошеметке лайықсың», — деп жазды желі қолданушылары.



