Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева болашақ келініне қатысты өз талаптарын айтып өтті, деп жазады qandastar.kz.
Бұл туралы ол «Жібек жолы» телеарнасындағы «Бүгін.live» бағдарламасына берген сұхбатында айтып, ұлының жеке таңдауына араласуға ниеті жоқ екенін атап өтті.
«Кез-келген ата-ананың арманы баласын аяқтандыру. Сәті түскен бір күні болар. Әзірге Димаш білесіздер концерттері бар жоспарланған жылдың аяғына дейін. Тығыз күнтізбемен қарбалас болып, ары-бері жүгіріп жүр. Маңдайға жазылғаннан асып кете алмайсың дейді ғой. Сол маңдайға жазылған бір жақсылығы бар деп сенеміз. Талап қоймаймын, кім болса да бұйырғаны. Кім болса да құшақ жая қарсы аламыз. Қатаң бір тәртіп қоймаймыз, бірақ жақсы бір кеңестерімізді айтып, өзіміздің әулеттің қағидаларын айтып, өзімізге қарай баулитынымыз рас», — деді Света Айтбаева.



