Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаеваның жуырда өткен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концертте өнер көрсеткен видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұртты тәнті етті, деп жазады qandastar.kz
Өнер иесі атақты композитордың қызы Динара Тілендиева дирижерлік еткен оркестрдің сүйемелдеуімен «Қайран менің жүрегім, жас жүрегім» әнін орындаған.
Бейнежазба астына көптеген жылы пікірлер жазылып, көрермендер Светлана Айтбаеваның әсерлі орындауына жоғары баға берді.
Пікірлер арасында:
«Не деген керемет! Дауысы да, өзі де сондай тартымды, ақылды, сабырлы әйел»,
«Осындай асыл анадан туған ғой Димаш! Керемет орындалған ән»,
«Димаштың анасы қандай тамаша айтады, сөз жоқ!»
«Света, оркестрмен орындағаныңыз тіпті ерекше екен, образыңыз ашыла түскен»,
«Тыңдай бергің келеді», – деген жылы лебіздер жазылды.



