ЖаңалықтарШоу бизнес

Димаш Құдайбергеннің қарындасының видеосы жұртты тәнті етті

Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Тәуелсіздік күнінде ерекше видео жариялады, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz -ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада ол концерт залында әнші ағасы Димаш Құдайбергеннің орындауында Қазақстан Әнұранын тыңдап тұрғанын көруге болады. Қолын жүрегіне қойған ол Әнұранды бірге шырқаған.

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Қазақстан аты әлем төрінде шырқала берсін!, – деп жазды Раушан Құдайберген.

Бұл бейнежазбаға Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтап жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kudaibergen Raushan, 🕊🇰🇿 (@raushan_kudaibergen)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button