Шоу бизнес

Димаш перғауындар елін бағындырды: оның Мысырда алғашқы жеке концерті өтті (ВИДЕО)

30 қарашада өткен алғашқы «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген жеке концертімен тыңдарманын қуантты. Бұл Димаштың африкалық құрлықтағы алғашқы өнер көрсетуі әрі Мысыр пирамидаларының етегінде, ТМД елдері арасынан алғаш болып сахнаға шығуы еді, деп жазады qandastar.kz.

«Қош келдіңіздер, біздің шоуымызға уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рақмет», – деп концерт басында Димаш көрермендерді қарсы алды.

Кештің сиқырлы жарығында, мифтер мен көне құпияларға толы пирамидалар әрбір әнге өзіндік ерекше тарих сыйлады. Әр туынды жеке бір шағын спектакль секілді, Димаш әрқайсысында басты рөлді сомдады: «Fire» мен «Smoke» композицияларындағы харизматикалық жігіт, «Любовь уставших лебедей» әніндегі шынайы сезімнің қадірін білетін ер адам, «When I`ve Got You» және «SOS d’un terrien en détresse» шығармаларында өмірдің ең қымбат нәрселерін бағалай алатын тұлға бейнесінде көрінді.

Пирамидалардың дүниенің төрт бұрышына дәл бағытталған қырлары секілді, ол өз талантының барлық қырын бір сахнада классикалық «Olympico» мен «Ave Maria» шығармалары, сондай-ақ серпінді де энергияға толы «Be with me» және «Give me your love» орындап, көрсетті.

Сонымен қатар, Араб түнінің әуезінде қазақтың халық аспаптары ерекше әсерлі естілді, дәстүрлі саз домбыра, қобыз және сыбызғыдан төгіліп, «Stranger», «Адай» күйі және «Тау ішінде», «Дурдараз», «Let it be» сияқты қазақ тіліндегі әндер біртұтас терең сиқырға айналып, көрермендерді шөл даланың арасымен жетелеп өткен іспетті.

Көрермендер әртістерді бір кісідей қолдап, қосылып ән айтты, би биледі, Қазақстаннан келген сәлемдерді қуана қабылдап, өз жылы эмоциялармен бөлісті – «Ұмытылмас күн» мен «Махаббат бер маған» әндері кезінде телефон шамдарынан пайда болған «жарықшақтар» Пирамидалар панорамасын жарық жұлдыздарға толы ғажайып түнгі аспанға айналдырды.

@waleed.samy Night with Dimash Qudaibergen at the Pyramids ✨🏛️🎤 #dimash_qudaibergen #waleed_samy ♬ الصوت الأصلي — Waleed Samy

Ұқсас Мақалалар

Back to top button