Шоу бизнес

Димаштың америкалық жанкүйері үш айда қазақ тілін үйреніп алған (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақстандық әншінің Лондондағы концертіне бір күн қалғанда pre-party ұйымдастырып, оған Қанат пен Света Айтбаевтарды шақырған, деп жазады qandastar.kz.
Бейнежазбада фанаттар үлкен дастархан жайып, Димаштың ата-анасын ерекше құрметпен қарсы алғанын көруге болады.
Қазақстанның халық әртісі Dears деп атайтын жанкүйерлері әншінің ата-анасымен кездесіп, әңгімелесіп, суретке түсіп, концерт алдында керемет уақыт өткізген.
Димаштың әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде фанаттармен болған кездесуден видео жариялады.
Онда бір америкалық жанкүйер небәрі үш айдың ішінде қазақ тілін үйреніп алғанын айтады.
Видеода америкалық қыз Димаш үшін қазақ тілін үйренгенін және оған бар болғаны үш ай жеткілікті болғанын атап өтеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button