ЖаңалықтарСпорт

Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан құрамасынан тыс қалды

Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан құрамасының қараша айындағы тізімінен тыс қалды, деп жазды qandastar.kz

Бұған дейін футбол жанкүйерлері мен сарапшылар арасында Қашкеннің қазан айындағы матчтарға шақырылуы кең пікірталас тудырған еді. Ол 7 қазанда өткен Лихтенштейн және Солтүстік Македония құрамаларына қарсы кездесулерге шақырылған болатын.

Даудың негізгі себебі — ойыншының соңғы айларда аз ойын тәжірибесіне ие болуы. Қашкен маусым барысында небәрі 13 матчқа қатысып, барлығы 776 минут қана алаңда өткізген.

Нәтижесінде қорғаушы қараша айындағы кеңейтілген тізімге енбей, ұлттық құраманың 38 ойыншысы қатарында да болған жоқ.

Қазақстан құрамасы алдағы ойындарын келесі күндері өткізеді:

  • 15 қараша – 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы үйдегі матч;
  • 18 қараша – Хорватияда Фарер аралдарымен жолдастық кездесу.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button