Жаңалықтар
«Домбыра тартсақ, сақал қоймасақ ұрады, қамайды»: Ауғанстанда тұратын қазақтар қазіргі күйі туралы айтып берді
Деректі фильм YouTube желісіндегі “Жалғыз жолаушы” арнасында жарияланған. Фильмде Ауғанстанда тұратын қазақтардың шынайы өмірі бейнеленген,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Фильм кейіпкерлерінің айтуынша, қазір жастар арасында қазақ тілі бірте-бірте ұмытылып бара жатқан көрінеді. Жастар көбіне өзбек, парсы, ауған тілдерінде сөйлейді екен.
Ел шариғат тәртібі арқылы басқарылатындықтан, ауған қазақтарына домбыра тартуға тыйым салыныпты. Өздерінің айтуынша, домбыра тартқан адам жазаға тартылып, домбырасы тартып алынады. Сондай-ақ дәл сол шариғат тәртібімен сақал қоймаған, намаз оқымайтын адамдар да жазаланады. Ал кімнің намаз оқымай жүргенін жергілікті имамдар бақылап, билікке хабарлап отырады екен.