Әлем жаңалықтары

Дональд Трампқа ақыры Нобель сыйлығы «бұйырды»

Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадо бейсенбі күні Ақ үйде өткен жеке кездесуде АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін АҚШ президенті Дональд Трампқа берді, деп жазады qandastar.kz

BBC агенттігінің жазуынша, тараптар Вашингтонда кездескен. Мария Корина Мачадо Ақ үй маңына жиналған жақтастарына үндеу жасап, президент Трампқа сенім артуға болатынын айтқан.

Мен АҚШ президентіне Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін табыстадым. Бұл қадам – оның біздің бостандығымызға деген ерекше адалдығын мойындау, – деді венесуэлалық оппозиционер.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Дональд Трамп Венесуэладағы оппозиция көшбасшысына ризашылығын жеткізген. Ол Мария Корина Мачадоны керемет әйел деп сипаттады.

Мария менің атқарған жұмысым үшін өзіне тиесілі Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін берді. Бұл – өзара құрметтің белгісі. Рақмет саған, Мария!, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Осы орайда, Нобель комитеті өз сайтында Нобель Бейбітшілік сыйлығы лауреаты мәртебесінің өзгермейтіндігі туралы пресс-релиз жариялады.

Фактілер айқын және нақты бекітілген. Нобель сыйлығы берілгені туралы хабарланғаннан кейін оны кері қайтарып алуға, бөлуге немесе басқа тұлғаларға беруге болмайды. Шешім түпкілікті және тұрақты күшінде қалады, – делінген комитеттің мәлімдемесінде.

Айта кетсек, Ақ үй басшысы Нобель медалін алуды көптен бері армандап жүрген. Былтыр оны бірнеше ел бейбітшілік сыйлығына ұсынған. Алайда Нобель комиссиясы медальді Мачадоға тапсырған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button