Әлем жаңалықтары

Дональд Трамптың Қытайға сапары 14–15 мамырға жоспарланды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 14–15 мамырда Бейжіңде кездеседі. Бастапқыда наурыз соңына жоспарланған сапар кейінге шегерілді. Ақ үй бұл шешімді Иранға қатысты жағдайға назар аудару қажеттілігімен түсіндіреді.

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарының күнін жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша, Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 14–15 мамыр күндері Бейжіңде кездеседі. Бұл туралы ол 25 наурызда журналистерге хабарлаған.

Левиттің сөзінше, бірінші ханым Мелания Трамп пен Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн ханымды жауап сапары аясында Вашингтонда қабылдайтын болады. Алайда нақты күн биыл кейінірек жарияланады.

Еске салсақ, бастапқыда Трамп Қытайға наурыз айының соңында баруы тиіс болған, бірақ сапар кейінге шегерілді. Ақ үй өкілінің айтуынша, бұл шешім Иранға қатысты жағдайға назар аудару қажеттілігінен туындаған.

«Си Цзиньпин бұлты түсіністікпен қабылдады», – деп түйіндеді Левит.
Сонымен қатар, Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу ұсынысын қабылдамай, өз шарттарын ұсынған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button