Шоу бизнес

«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайыновтың «халық әртісі» атағын неге алмағаны түсіндірілді

Желіде «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайыновтың әлі күнге дейін «Қазақстанның халық әртісі» атағын алмағаны осыған дейін талқыланған еді, деп жазады qandastar.kz.

Әлеуметтік желілерде музыкантқа қатысты жазба пайда болып, онда белгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайыновтың әлі де «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болмауына халық таң қалған. Оны көпшілік Әлішер Кәрімовпен салыстырған болатын.

Осыдан кейін, мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрат Құсайыновтың расында да Қазақстанның халық әртісі атағына ие емесін растады. Алайда оған бұл атақты беру жөнінде министрлікке ешқандай өтініш түспеген.

«Мурат Құсайыновқа «Халық әртісі» атағын беру туралы хаттамалық өтініш министрлікке келіп түскен жоқ. Қазір мемлекеттік наградалар беру бойынша биылғы құжаттарды қабылдау аяқталды. Келер жылы тиісті құжаттармен бірге өтініш түскен жағдайда, министрлік оны белгіленген тәртіппен қарауға дайын», – деп түсіндірді ведомство.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button