
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Ерболат Асқарбекұлы 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Ол 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын, сондай-ақ Мәскеудің Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы – электрондық техника инженері.
Еңбек жолы:
1993 — 1994 жж. – менеджер, «Іскер» халықаралық ғылыми-өндірістік кәсіпорны;
1994 ж. – директордың орынбасары, «Вега» шағын кәсіпорны;
1994 — 1996 жж. – директордың орынбасары, директор, «Фирма «Акцепт» ЖШС;
1996 — 1997 жж. – директор, бірінші вице-президент, бас директор, «Корпорация «Акцепт» ЖТАҚ;
1997 ж. ақпан — тамыз – басқарма төрағасының орынбасары, «Банк Тұран-Алем»;
1997 ж. тамыз — 1998 ж. наурыз – басқарма төрағасы, «Алматинский торгово-финансовый банк» ЖАҚ;
1998 ж. наурыз — шілде – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі;
1998 ж. шілде — 2000 ж. ақпан – ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
1999 ж. желтоқсан — 2001 ж. шілде – ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі;
2000 ж. ақпан — 2001 ж. қараша – ҚР Қаржы вице-министрі;
2001 ж. қараша — 2002 ж. тамыз – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
2002 ж. қыркүйек — 2003 ж. маусым – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау агенттігінің төрағасы;
2003 ж. маусым — 2004 ж. сәуір – ҚР Қаржы министрі, ЕБРР-дегі Қазақстанның басқарушысы;
2004 ж. сәуір — 2006 ж. қыркүйек – ҚР Денсаулық сақтау министрі;
2012 ж. қыркүйек — 2013 ж. қаңтар – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі;
2013 ж. қаңтар — 2014 ж. тамыз – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
2014 ж. тамыз — 2016 ж. мамыр – ҚР Ұлттық экономика министрі;
2016 ж. мамыр — 2017 ж. тамыз – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы;
2017 ж. тамыз — 2019 ж. ақпан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
2019 ж. ақпан — 2022 ж. қаңтар – ҚР Ұлттық банк төрағасы;
2022 жылғы 31 қаңтардан бері – Алматы қаласының әкімі (2022 жылғы 2 желтоқсанда қайта тағайындалды).
2025 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.


