АҚШ сенаторы Линдси Грэм Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің мәлімдемесіне жауап берді. Ол бұған дейін Иран халқы АҚШ-тың араласуына қарсы бірікті деп мәлімдеген еді, деп жазады qandastar.kz.
Хаменей X әлеуметтік желісіндегі жазбасында Ирандағы митингілер елдің бірлігі мен табандылығын көрсетті деп атап өтті. Оның айтуынша, бұл Вашингтонға бағытталған ескерту.
«Ұлы иран халқы жауларына қарсы тұрып, өз ұстанымын тағы да дәлелдеді. Бұл америкалық саясаткерлерге алдау мен сатқын жалдамалыларға сенуді тоқтатуға шақыратын белгі», – деп жазды Аятолла.
Бұған жауап ретінде АҚШ сенаторы Линдси Грэм де X желісінде жазба жариялады. Ол ирония мен қатаң реңкті қолдана отырып, Хаменейдің сөзіне қарсы пікір білдірді.
«Аятоллаға: біз бұрынғыдай көп сөйлеспейміз. Мен сізді ренжіттім бе? Америкалық саясаткерлерге жасаған ескертуіңізге келсек, Мәскеу қыста ертегідей әдемі дейді. Дрондардан сақ болыңыз. Иранды қайтадан ұлы елге айналдырайық», – деп жазды сенатор.



