Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
ДСМ маңызды хабарламаны бөлісті

Хабарламаны ведомство 2025 жылдың 17 қаңтарында өзінің Telegram арнасында жариялады.
«Барлық шұғыл медициналық көмек – МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі»,- делінген ақпаратта.
Қандай жағдайларда шұғыл қызметтің көмегіне жүгінуге болады?
Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы немесе әлеуметтік мәні бар аурудың өршуі, ЖРВИ белгілері немесе жарақаттар болған жағдайда көмекке жүгінуге болатындығын айтты.
- фильт️р-кабинетке немесе өзінің немесе жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне
- ️ жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне
- ️ жедел жәрдем шақырыңыз
Егер мен шұғыл емханаға немесе ауруханаға барсам, мені зерттеп-қарап, емдей ме?
«Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі сізге ТМККК пакетінде толығымен тегін көрсетіледі.Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін арнайы мамандардың қажетті зерттеп-қараулары мен консультациялары, қажет болған жағдайда бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу». ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Егер азамат шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік мәні бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрса, ТМККК пакетінде медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыратын болады.
«Сондай-ақ, «туберкулез» диагнозы қойылған пациенттерге оңалту көмегі ТМККК пакетінде көрсетіледі»,- деп еске салды министрлік.