Әлем жаңалықтары

Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді

Фото: видео скрин

Дубайда өткен жарыста Қазақстаннан барған сәйгүлік Нугул жеңіске жетті, деп жазды qandastar.kz

Тұлпар иесі ақтөбелік жылқы өсіруші Марат Көшеров.

13 желтоқсанда жеңіске жетпеген жылқылар арасында 1200 метрге жарыста қазақстандық жылқы Нугул (Noogool) бірінші болып келді. Дегенмен ол жарысты соңғы орыннан бастаған еді.

Желі қолданушылары Нугулдың жеңісіне қуанып, түрлі пікір қалдырды.

«Намысты екен», «Кабирханның інісі», «Жеңіске жетпесем соғымға кетіп қаламын деп қорыққан шығар», «Құтты болсын», «Керемет», — деп желі қолданушылары жарыса пікір жазды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close