Жаңалықтар
“Дұға қылушы едік». Сатыбалды Тазабектің дұғасымен түрмеден шықты ма?
Фото: ашық дереккөз
Мұхамеджан Тазабек түрмеден шыққан Қайрат Сатыбалды жайлы жазба жариялап, мемлекет басшысы мен сот билігіне алғыс айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.KZ ұлттық порталына сілтеме жасап.
Мұхамеджан Тазабек түрмеден шыққан Қайрат Сатыбалды жайлы жазба жариялады:
Ер басына не келіп не кетпейді!Қуанышты жаңалық болды!Аллаға шүкір!Президентімізге, сот билігіне көп рахмет, ынсапты шешім қабылдаған!Дұға қылушы едік: «Азамат отбасына ертерек оралса екен» деп жақындары мен жанашырларының, Қайрат ағамның өзінің дұғасы қабыл болған екен! – деп жазды ол.