Қаржы және төлемдер
Дүниежүзілік банк: Қазақстандағы табыс орташадан жоғары
Фото: ашық дереккөз
Дүниежүзілік банк соңғы деректерінде Қазақстанның табысы «орташадан жоғары» санатына жататынын көрсетті, деп жазды qandastar.kz
Рейтингте дүниежүзілік банктің деректері арқылы әлем елдерінің табыс деңгейі қандай екені көрсетілген. Мұнда мемлекеттерді жан басына шаққандағы орташа табысқа байланысты төрт топқа бөледі. Олар:
төмен;
орташадан төмен;
орташадан жоғары;
жоғары болып бөлінеді.
Қазақстан дүниежүзілік банктің соңғы деректері мен Visual Capitalist материалдарына сәйкес, «орташадан жоғары» санатына жатады. Бұл дегеніміз, жан басына шаққандағы кірістер Upper-Middle Income үшін анықталған шектен жоғары. Дегенмен еліміз әлі де жоғары кіріске түсетін дамыған экономикалар деңгейіне жете алмады.
Бұл ретте жаһандық ауқымда Қазақстанның посткеңестік кеңістік елдері арасында айтарлықтай ерекшеленетіні көрсетілген. Яғни салыстырмалы түрде жоғары экономикалық көрсеткіштер мен тұрақты өсу серпінін көрсетеді.
Дегенмен әлеуметтік желіде Қазақстандағы табыс деңгейі туралы бұл ақпаратты растамайтындар көп. Жұртшылық жалақының өте төмен екенін, тіпті халық жағдайы Африкадан да төмен екенін айтады.