Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Дуров өзінен бала сүйгісі келетін әйелдерді қаржыландыратынын айтты

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінен бала сүйгісі келетін әйелдерге экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасын қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы  Qandastar.kz ақпарат порталы Shyndyk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Аталған бағдарлама Павел Дуровтың бастамасымен Мәскеудегі клиникалардың бірінде іске қосылған. Бағдарламаға қатысатын әйелдерге бірқатар талап қойылған. Атап айтқанда, үміткерлердің жасы 37-ден аспауы және ресми некеде тұрмауы қажет.

Дуров донор ретінде өзінің биологиялық материалын пайдалануға келісім берген. Алайда бағдарламаның нақты қанша адамды қамтитыны және қанша уақытқа жоспарланғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Павел Дуров бұған дейін де жеке өмірі мен ұстанымдарына қатысты тосын мәлімдемелерімен көпшіліктің назарын аударып жүрген еді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button