Шоу бизнес

«Дұрыс орта болмады»: Алмат Сақатов «Бауыржан шоудағы» қиын кезеңдерді еске алды

Актер Алмат Сақатов «Бауыржан шоу» жабылғаннан кейінгі ауыр кезеңді еске алды, деп жазады qandastar.kz

Актер сол кезеңді былай сипаттады.

«180-мен жүйткіп келе жатқан көліктің кенет тоқтап қалғанындай күй кештік. Барлығымыз жан-жаққа тарап, не істерімізді білмей қалдық. Театрға бара алмаймыз, себебі эстрадада жұмыс істедік. Ал кино ол кезде енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан. Өнер жоқ, сахна жоқ, көрермен жоқ. Тек той бар, ақша бар, бірақ шығармашылық қуатты шығаратын орта болған жоқ. Сол кезде бәріміз “қораға кірдік”. Әбунасыр да, Нұрбек те, Қуандық та қиын жағдайда қалды. Құдайға шүкір, қазір қазақ киносы дамып, өз орнымызды таптық. Әуелде “мұны істей алам ба, ойнай алам ба” деген күмән болды», – деді ол.

Сақатов сол жылдардағы тоқырау  оның өмірінде үлкен күйзеліс тудырғанын жасырмады.

«Егер ол кезде қазіргі сияқты немерелерім қасымда болса, бәлкім, ондай күйзеліске түспес едім. Өйткені немере — сенің өміріңнің жалғасы. Ол – өмірдің мәні, қуаныш пен үміттің символы», – деп түйіндеді актер.

 

Back to top button