ЖаңалықтарШоу бизнес

«Дымда әдемі емес»: «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақ Аруы – 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы жылдың жеңімпазы Талдықорған қаласының тұрғыны Дәрия Қуатжан атанды. Ол онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинап, өзгелерден оқ бойы озып шыққан, деп жазады qandastar.kz

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Дәрия Қуатжан 22 771 дауыс жинап, бірінші орынды иеленді. Жеңімпазға BM Production компаниясы Парижге екі адамға арналған жолдама табыстады.

Дәрия – ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнер бұйымдарын жасайтын жас дизайнер. Ол байқауға  балаларға арналған «Көшпенді дала ұрпақтары» атты авторлық коллекциясын дайындап қатысқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл нәтижені белсенді талқылауда. Бірі «Нағыз жеңімпаз, нағыз қазақ қызы» деп жылы лебіз қалдырса, енді бірі «Дымда әдемі емес» деп пікір білдірген.

Байқау нәтижесіне қатысты талқылаулар әлі де жалғасып жатыр.

Back to top button