Жаңалықтар

Джей Ло Instagram желісінде қазақстандық скрипкашының каверін бөлісті

Фото: коллаж/Меруерт Бақыт, Дженнифер Лопес

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram желісінде қазақстандық скрипкашы Меруерт Бақыттың видеосын жариялады, деп жазды qandastar.kz

Қазақстандық өнерпаз скрипкада әншінің әйгілі Ain’t It Funny әнінің каверін орындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнеролик Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы маңында түсірілген. Ол көп ұзамай Instagram-да 248 миллионнан астам жазылушысы бар Дженнифер Лопестің жеке парақшасында жарияланды. Бейнероликке әншімен қоса миллиондаған жанкүйері де назар аударған.

«Аңыз-адам JLo-ның өзі біздің жұмысымызды байқап, бөліскеніне әлі де сене алар емеспін. Командаға рахмет айтамын, біз армандарды мақсатқа, ал мақсаттарды шындыққа айналдыруға болатынын дәлелдеп отырмыз. Мен үшін бұл алға қарай ұмтылуға үлкен мотивация болды», – деп жазды Меруерт Бақыт желідегі парақшасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close