Жаңалықтар

Джей Лоның концертінде шу шығарған әйелдің күйеуі дауға ілікті

Журналист Михаил Козачков  Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтың қатысуымен күмәнді оқиға орын алғанын хабарлады, деп жазады Qandastar.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, полковник екі танысымен бірге кешкі уақытта мейрамханада болған. Одан кейін олар Астанадағы Мәңгілік ел даңғылының маңына барған, сол жерде ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

«Оқиға салдарынан 49 жастағы Медеу Асылбекұлы дене жарақаттарын алып, полицияға шағымданған. Кейін ол ауруханаға жеткізілген. Зардап шегуші соққыны полковник Қожахметовтан алғанын көрсеткен», — деп жазды Козачков. 

Айта кетейік, Думан Қожахметовтың есімі алғаш рет жаңалықтарға шығып отырған жоқ. Биыл тамыз айында оның жұбайы Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде дау шығарып, полицейлер әйелді залдан арқалап шығарған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button