ЖаңалықтарШоу бизнес

«Джей Ло қыламыз дегені ғой»: Дана Нұржігіт өзіне ерекше ұсыныс айтылғанын жазды

Журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт пластикалық ота істейтін клиникалардың бірінен ота жасату туралы ұсыныс түскенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Жақында маған бір клиника абдоминопластика мен глютеопластика отасын тегін жасап береміз,жарнама керек деген өтінішпен хабарласты.

Яғни ішіңізді тартып береміз, ал бөксе жаққа өз майыңызды құйып беріп JLO қыламыз дегені ғой.

Шынымды айтсам, мен басында абдырап та қалдым. Өйткені ойыма да келмеген ұсыныс», — дейді журналист.

Айтуынша, сыртқы пішініне сын айтқандар да болған екен.

«Маған тіпті бетіңізде уақыт ізі біліне бастапты, салбыратпай,қазір-ақ ота жасатып тастамайсыз ба,бетіңізді сатып нан табатын мамандықта жүрсіз ғой деп астарлап айтқандар да болды.

Қайдам…мен Бибігүл Төлегенованы,Жәния Әубакірованы,Рәбиға Сыздықованы,әсіресе Рәбиға апайды үрленген ерін,тартылған бетпен жып-жылтыр қалпын көзге елестете алмаймын. Мен,Алла қарттық берсе,Рәбиға апайдай қартайғым келеді.Ол кісінің жүзінде бекзат мінез,парасат,өре бар-тын. Ішкі жан дүниесі бетін нұрландырып тұратын. Оған өмірінің соңғы күндеріне дейін жаңылмаған сөзін қосыңыз! Міне,сұлулық!» — дейді ол.

Журналист мұның бәрі маркетинг екенін алға тартты.

Және оқырманарын қолдауға шақырды.

«Бәрі мына мидан! Ми емес-ау! Біреудің санамызға құйып жатқан стандарттары,маркетинг! Ал,жеме жемге келгенде сенің біреуге арбалғаның,оның пұл тапқаны. Болды!

Сондықтан эйджизмге жол бермей,мені қалай бар,солай қабылдарсыздар!
Жастай алып,қартайғанда тастап кететін бәйбішедей қылмассыздар,қадірлі оқырманым! Осы қалпым өзіме ұнайды» — деп жазды ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button