Жаңалықтар

Джеки Чан каратэден қара белбеу алды

Фото: Ашық дереккөзден

Әйгілі актер Джеки Чан Нью-Йоркте (АҚШ) өткен «Каратэ-пацан: Аңыздар» фильмінің премьерасы кезінде каратэден ресми түрде қара белбеу алды, деп хабарлады Qandastar.kz сайты. 

Сол кеште дәл осындай марапатты аталмыш фильмде Чанмен бірге ойнаған актер Ральф Маччио да алды. Қара белбеулерді салтанатты жағдайда табыстаған — Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) бас хатшысы Тошихиса Нагура.

«Каратэ – жаһандық танымал бренд. Ол бүкіл әлемдегі қауымдастықтар мен поп-мәдениетте ерекше орын алады. Оның негізгі құндылықтарын «Каратэ-пацан» фильмі секілді аз ғана туынды дәл жеткізе алды», — деді WKF президенті Антонио Эспинос.

Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан – әлемге әйгілі экшн жанрындағы актер. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және комедиялық шеберлігімен танымал.

Ол 100-ден астам фильмде басты рөлді сомдап, әлемдегі ең атақты азиялық актерлердің бірі ретінде мойындалған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close