Жаңалықтар

Джип мінген 2 адам өзенге батып кете жаздады

Джип мінген екі адам өзенге батып кете жаздады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Жетісу облысында құтқарушылар джип мінген екі адамды құтқарды.

Туристер Текелі қаласынан 28 шақырым жердегі Қора шатқалына барған.
Сол жерде жол талғамайтын көлікпен өзеннен өтіп кетпекші болды, бірақ қатты су ағысы джипті алып кеткен.
Құтқарушылар көмекке келіп үлгерді. Екі ер адам Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмектің қажеті болмады.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close