Жаңалықтар

Египетте қаза тапқан әйелдің моральдық шығыны төлене ме

Мысырдың Шарм-әл-Шейх әуежайында қайтыс болған әйелдің қазасы бойынша моральдық өтемақыны мысырлық тарап төлеуі тиіс, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 17 мамыр күні Шарм-эш-Шейх әуежайында болған еді. Оқиғадан кейін бірден консул марқұмның туыстарымен байланысқа шықты.

Біз үнемі консулдық-құқықтық көмек көрсетіп отырдық. Қаза тапқан азаматтың денесі 21 мамырда Қазақстанға жеткізілді. Әрине, бұл мәселе бойынша біз Мысыр билігімен өте маңызды әрі егжей-тегжейлі түрде талқылау жүргіздік. Себебі қазақстандық азаматтардың олардың курорттарында, әуежайларында қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі керек. Неге десеңіз, Мысыр қазақстандық туристер үшін ең танымал бағыттардың бірі. Сондықтан бұл мәселеге Мысырдың көлік министрі жеке бақылау орнатты. Маған белгілі мәлімет бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Алайда, өкінішке қарай, оның егжей-тегжейін жариялай алмаймын. Моральдық өтемақыны мысырлық тарап төлеуі тиіс болды, — деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Марқұмның денесін елге жеткізу процесін толығымен сақтандыру компаниясымен бірге ұйымдастырған.

Оның айтуынша, шетелге демалуға немесе өзге мақсатта шығатын барлық азаматтарға міндетті түрде сақтандыру полисін рәсімдеу керек.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close