Жаңалықтар

«Екеуі ерлі-зайыпты»: Құлсарыдағы жарылыстан қаза тапқандар жайлы деректер белгілі болды

Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болғандарға қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Atyrauoil.news парақшасына сілтеме жасап.

Жарылыстан қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдеді Atyrauoil.news парақшасы.

Өрт сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 16 адамға дейін өсті.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close