Жаңалықтар

Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

Фото: istockphoto.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады qandastar.kz

Қарағанды облысы:

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ақмола облысы:

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close