Жаңалықтар

Екі өкпе қабынып кетті: Роза Әлқожа ауыр халге түскенін айтты

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасына жанды жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz сайты. 

«Екі ай ән сапармен жүріп, енді демалыс жариялап жатырмыз.
Қос өкпе қаңтарда қабынған. Сол да жетер еді, артынан бронхит, фарингитімен бірге келгені несі?!
Он бес концертті аяқтап, үшінші кітапты шығарып, бәріне шүкір айтып жатқан!
Кейде “темірді қызған кезде соқ” деген ұраныма ризамын осы!
Сіздер ше? Істеп алып, артынан ойланасыздар ма мен сияқты?», — деп жазды әнші.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close