
Фото: mirtesen.ru
Ақтөбеде 7-сынып оқушысын зорлау фактісі туралы полиция растамай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aktobe Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала жұртшылығы Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.
Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.
«Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын», – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


