Жаңалықтар

Екібастұзда шенеунік мас күйде көлік айдап, 15 күнге қамалды

Екібастұз  қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Айдын Қояғанов мас күйінде автокөлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Kerek.Pv Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот материалдарына сәйкес, 14 желтоқсан күні Айдын Қояғанов «Mercedes-Benz» маркалы автокөлікті (мемлекеттік тіркеу нөмірі 964 АВЕ 14) алкогольдік масаң күйде басқарған. Аталған әрекет Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылық болып табылады.

Сот қаулысымен Айдын Төлегенұлы Қояғанов кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әкімшілік қамау туралы сот қаулысын орындау полиция органдарына жүктелді. Сонымен қатар Қояғановқа тиесілі жүргізуші куәлігі ішкі істер органдары арқылы тәркіленеді. Ал «Mercedes-Benz» автокөлігі «тиісті орнына» қайтарылды.

Сот қаулысына он тәулік ішінде  апелляциялық өтінішхат берілуі мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button