Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанда екінші әйел алуға заң жүзінде рұқсат беру қажет екенін айтты. Ол бұл пікірін журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz.
«Заң бойынша екінші әйел алуға рұқсат беру керек. Себебі қазіргі тыйым шынайы өмірде сақталып отырған жоқ. Ал тоқалдар ешқандай құқықтық тұрғыда қорғалмаған», – деді депутат.
Сонымен қатар ол дін жолындағы азаматтардың бұл бастаманы қолдайтынын айтып, қазіргі жағдайды «құбылыс емес, құтырғандық» деп сипаттады.
«Қазір көбісі тоқалдықты жастармен байланыстырып жүр. Ал шынайы мәнінде әмеңгерлік пен жесір әйелге қамқор болу дәстүрі ұмытылып барады», – деді ол.
Абзал Құспанның сөзінше, егер екінші некені заңдастыру қолға алынатын болса, тоқалдардың да құқықтары мен міндеттері заңмен айқындалуы тиіс.



