ЖаңалықтарШоу бизнес

«Екінші концерт болсын»: Роза Рымбаеваның концертіне билеттер бір демде сатылып кетті

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығына орай ұйымдастырып жатқан жеке концертіне билеттер лезде сатылып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Осының құрметіне әншінің ұлы Әли Оқапов анасына гүл шоғын тарту етіп, қуанышты жаңалықпен бөлісті.

«Sold Out. Билеттердің барлығы сатылыпты. Сіздерге мың алғыс. Енді үлкен ой үстіндемін…» — деп жазды Роза Рымбаева.

Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, ізгі тілектерін жазып жатыр.

«Қазақтың мақтанышы, үлкен еңбектің жемісі», «Роза апай сіздің концертіңіз күнде болса күнде баруға дайын қазақ халқы» және «Бұл концертті Қазақстанның барлық қаласына қою керек деп ойлаймын» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button