Жаңалықтар

Экс Бас прокурор Қожамжаров 2025 жылдың басынан бері Мәскеуге қоныс аударған – БАҚ

Экс-сенатор, бұрынғы Бас прокурор және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің (АБЭКП, қаржы полициясы) экс-басшысы Қайрат Қожамжаров 2025 жылдың басынан бері Мәскеуде жүрген болуы мүмкін, деп жазады qandastar.kz сайты Elmedia телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстандық заңгер және саясаткер Қайрат Қожамжаров сыбайлас жемқорлыққа қатысты даулы іс аясында тексеріліп жатқан тұлғалардың бірі. Басылымның мәліметінше, атышулы коррупциялық іс аясында тексеріліп жатқан Қайрат Қожамжаров Ресейдің астанасында жыл басында тұрақтап қалған. Сондай-ақ, ол Мәскеуге Қостанай қаласының тумасы Маргарита Александровамен бірге көшкені айтылады. Басылым оны Қожамжаровтың «токалы» деп атайды. Жұптың екі баласы бар, олар Мәскеудегі беделді гимназияда оқиды.

Elmedia жариялаған видео мен фотоларда экс-шенеуніктің балаларын мектептен кейін VIP-фастфудтан тамақ сатып алып, метроға мініп кеткен сәттері көрсетілген. Журналистер оның өзін өте сақ ұстап, үнемі жан-жағына қарап, SIM-карталарын ауыстырып жүретінін айтады.

«Бұл оның Ресейде де өзін қауіпсіз сезінбейтінін көрсетеді. Тіпті, Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен таныстығы оған толық қорғау бермей отыр», – деп жазады басылым.

Сондай-ақ, Elmedia Қайрат Қожамжаровтың Маргарита Александрова және оның туыстарына тиесілі жылжымайтын мүлік туралы бұған дейін бірнеше материал жариялағанын еске салады.

Басылымның кейбір деректеріне сәйкес, Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қызметте жүрген жылдары жарты миллиард доллар жинаған болуы мүмкін. Бірнеше активтері оның бауыры Дулат Қожамжаровтың, оның балаларының және заңды жұбайы Салтанат Аханованың атына тіркелген.

Elmedia сондай-ақ Қожамжаровтың Нью-Йорктегі Бруклин ауданында ірі бизнес-орталыққа иелік етуі мүмкін екенін хабарлайды. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button