Жаңалықтар
Экс-мәжілісмен Садықовтың қызы: Харассментке қарсымын, кімге сенерімді білмеймін
Фото: инбизнес.кз
Қазақстандық әнші Данеля Садықова әкесі Асқар Садықовқа қатысты жайтқа пікір білдірді, – деп хабарлайды qandastar.kz
«Әкем Асқар Садықов айыпталып отыр. Шынымды айтсам, не істерімді, кімге сенерімді білмеймін. Харассментті құптамаймын, бұл маған ауыр тиді», – дейді ол.
Айта кетейік, Асқар Садықов әйел адамға ұятсыз хаттар жазып, партиядан шығарылған болатын.
«Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын.
Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам Асқар Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып, арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде уатсабына Асқар Садықовтан келген хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептерге байланысты оның бопсалауына тап болған әйелдің есімі жасырылған)», – деген еді бұған қатысты А.Перуашев.