Жаңалықтар
Экс-шенеунік Болат Мажағұловтың соты басталды
Фото: Астана әкімдігі
Экс-шенеуніктің ісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр, деп жазды qandastar.kz
Мажағұлов Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша күдікке ілінді. Мәди Қанапин оның сыбайласы деп айыпталды. Мажағұловтың қорғаушысы бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрағанымен, өтініші қанағаттандырылмады.
Айыптау актісі оқылғаннан кейін екі күдікті де кінәларын мойындамады. Осы жылдың қыркүйегінде Астана қалалық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы мен мердігер 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінді. Тиісті нысанның ашылуы Астана күніне орайластырғанымен, 2017 жылдан бері субұрқақ апатты жағдайда тұр.
atamekenbusiness_qaz тергеу барысында мәдениет басқармасы субұрқақ құрылысын мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз жүргізгені белгілі болды. Мажағұловтың 3 коммерциялық нысанына, 2 автотұрағына және премиум санаттағы пәтеріне шектеу қойылды.